Салқындату жүйесі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақ тақырыбы: "Салқындату жүйесі "
Сабақ түрі: аралас
Сабақ мақсаттары:
Тәрбиелік: команда істей білуді, жауапкершілікке тәрбиелеу, мамандыққа қызығушылық тудыру;
Білімділік: өткен сабақты қайталау, оқу өндірістік жұмыстарында істелетін тапсырмаларды орындау металдардын қасиетін түсіну;
Дамытушылық: логикалық ойлануды, шығармашылық белсенділікті, өз ойын сауатты жеткізе білуді, өздігінен жұмыс істей білуді дамыту;
І. Ұйымдастыру кезеңі
- сәлемдесу
- оқушылар санын тексеру;
- сабақтың тақырыбын, мақсатын айтып шығу.
ІІ. Сабаққа зейін қойдыру
Біз бұған дейін салқындату туралы өндірістік оқыту кезінде оқып өткен болатынбыз. Бүгін біз сабақты сайыс түрінде өткіземіз, сондықтан сендерге тапқырлық, тез ойлау қабілеті керек болады.
Сабақтың жоспары:

1. Салқындату жүйесін жіктеу
2. Сұйықтықпен салқындату жүйесінің құрлысы
3. Салқындату жүйесінің жұмыстарын реттеу
4. Салқындату жүйесіне техникалық қызымет көрсету және ақаулары.
ІІІ. Өткен тақырып бойынша білімін тексеру.
Енді өткен сабақты еске тусіре отырып, өткен тақырыптар бойынша әр команда мүшесі бір сұрақ таңдап алып жауап береді (дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады) Жауап беруші айта алмаса ол үшін команданың басқа мүшелері одан болмаса келесі команда мүшелері жауап бере алады.
1. Салқындату жүйесінде қандай аспап су температурасын автоматты түрде реттеп, қозғалтқыш іске қосылғанан кейін қызуын қамтамасыз етеді?
А) радиатор
Ә) термостат
Б) су сорғы
В) желдеткіш
Г) желбезек
2. Салқындату жүйесінің қандай аспабы радиатордың пластиналарын сақтайды?
А) су сорғы
Ә) ағызу шүмегі
Б) ауа және бу клапыны
В) термостат
3. Салқындату жүйесінде салқындатқыш сұйықтықтығын еріксіз айналдырып тұр

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: