Сабақтың тақырыбы: Іңкәр көңіл,нәзік сезім Сабақтың мақсаты: Махаббаттың жалпыадамзаттық құндылық бетіндегі мәнін

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Сабақтың тақырыбы: Іңкәр көңіл,нәзік сезім Сабақтың мақсаты: Махаббаттың жалпыадамзаттық құндылық бетіндегі мәнін ашу. адамның ең жоғары нәзік қастерл сезімі ретінде махаббаттың тұлғалық мәнін ұғындыру. ұнату, алғашқы махаббат сезімдерін ажырата алу дағдыларын дамыту. сүйіспеншілік сезім мәдениетіне тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері М. Шахановтың "Гүлдәурен" әнін оқушылар шеңберге тұрып орындайды. Асау өмір арасында Бөлеп сәби сезімменен Он жыл мектеп партасында Бірге отырдым өзіңменнен Сездіруге батпадым да Бала махаббатымды Терезенің жақтауында Ойып жаздым атыңды.
Пікірлесу Оқушыларды тақырыпқа тарту мақсатында мұғалім оқулықта берілген сұрақтар төңірегінде пікірлесуге шақырады. Іңкәр, нәзік, сезім: деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?
Мәтінмен жұмыс Г. Сайынқызының Күн ұрлаған күн әнгімесі ұсынылады. Күн сыңғырлап тұрып күлетін. Ол күлгенде айнала ән салғандай болатын. Оның күлкісі адамдарды қуантатын. Ол болар - болмас нәрсеге өкпелей қалатын. Бірақ өкпесін тез ұмытатын. Ал енді күлмейді де, жыламайды да. - Неге? - Неге екенін мен де білмеймін. Сұрап едім, айтпады. Тек бір ауыз сөз айтты: Кеше менің күнімді ұрлап алды. Күн ұрлаған күн - менің тарихымдағы азалы күн деді. Күн күлмеген срң,күн қуанбаған соң қара жер де қуанбайтын сияқты. Мен де қуанбаймын. Оған дауыстап айта алмаймын. Ертең мен үшін жаңа күн аспанға шығады. Мен ешқашан өткен күнге оралмаймын, сен оны білесің.
Егер күннің орнында болсаңыз не істер едіңіз, оның шешімін құптайсыз ба?
Сырыңды кіммен бөліскен дұрыс деп ойлайсыз?
Осындай сезімді басыңыздан өткіздіңіз бе?
Әңгімелесу Біз өзіңді ортада қалай ұстауыңды, жазуды, киім тігуді үйренуге болатынын білеміз. Шын мәнінде,сүйе білу дағдысының ұғымы кең. Сүйе білуді ұятты қылық деп қарамай, адам өмірінің сыры

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: