ретінде қабылдауға үйрену керек. Себебі біреуге сүю күш беріп, қуаныш сыйлайды, өмірінің мәніне айналады, ал екінші біреудің сенімін жоғалтып, қайғы - мұң әкеледі. Енді біреулер оған тек құштарлық ретінде қарайды. Сүю, махаббат сезімі біреуді алға жетелесе, біреуді артқа тартады. Сондықтан махаббатқа тек адамзаттық құндылық ретінде қастерлеп қарау қажет.
Оқу ақпараты
Оқушыларға оқытып, алғашқы мөлдір махаббат деген ұғымның мәнін ашып талдау.
Дәйексөз
В. Шекспирдің Жеке өмірде терең сезім адамға зор қуат береді. Өзін терең, қуатты сезімдерге баули алмағандар бүгін біреуге, ертең біреуге үстірт, кездейсоқ, сүйіспеншілік білдіруге құштарланып тұрады.
Дәптермен жұмыс
Қыз баланы қадірлеу, оларға қорғаныш болу, құрметтей қарау қазақтың қастерлі ұғымдарының бірі.
Алғашқы сезім, балауса махаббат дегенді қалай түсінесіз?
Қыз баланың бірінші болып өз сезімін білдіруіне қалай қарайсыз?
Егер біреуді ұнатсаңыз, сезіміңізді ашық айтуға дайынсыз ба? Оқушылардың ойларын білген соң, мұғалім өзі тиянақтайды.
Шығармашылық тапсырма
Ауызша жұмыс. Мұғалім оқулықта берілген тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар А. Дүзелхановтың Қыз Жібек,С. Андерсеннің Бозқараған гүлдейтін уақыт, Э. Зампигидің Сүйеді,сүймейді атты шығармаларын салыстырып, адам жанына тьән қандай нәзік сезім иірімдерін байқағандықтарын түсіндіру.
Назар аударайық
Ғ. Мұстафиннің Кейде көшеде, аялдамада, автобус ішінде нақ бір басқа жер таппағандай көптің көзінше құшақтасып тұрған жастарды көресің. Махаббат неғұрлым ұятты, әдепті келсе солғұрлым қадірлі болмай ма? Сабыр, нысап, ар, ұят, әдеп - бірінсіз күні жоқ. Бәрі жиылып махаббатты құрайды. Бірін жоғалтсаң, бәрін жоғалтасын. Жаман қылық - жұқпалы аурудан да қиын, бірден біреуге ауысса, ұрпағыңа да кетуі мүмкін.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>