Тапсырма
Оқушылардың ойларын білген соң, мұғалім өз ойын тиянақтайды. Достық қарым - қатынасқа тез түсінесіз бе? Тапсырманы орындау
Сахналау С. Мұратбековтың мәтіні оқылады. Оқулықта сахналау айдарында төмендегідей тапсырма берілген:
Төмендегі кейіпкерлердің қасиеттеріне сәйкес, өзара диалог құрастырып, :Қыз Жібек:, Еңлік - Кебектердің шағын қойылымын қою.
1. Қыз,2. Сатай.
Сатайдың әрекетін қалай бағалайсыз? Егер танысыңыз сізді ұнататынын бүкпесіз, айтса қалай қабылдар едіңіз? Ұялу қандай адамдарға тән қасиет деп ойлайсыз?
Оқулықтағы берілген ауызша тапсырма
Абайдың Көзімнің қарасы өлеңі оқылып, оқушыларға өлеңдегі сезіммен әдептің ұштасуын түсіндіру. Мұғалім қазіргі кезде, өкінішке орай, көбіне жастардың өз сезімдерін анық көрсету дәстүрінің куәсі болып жүргенімізді, ол біздің ұлттық дәстүрімізге жат әрепкет екенін, таза да терең болатынын түсіндіру.
Мәтін оқылған соң жағдаятты шешу. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп, жағдаяттың шешімін табады. Сабақты қорытып, тұжырымдау.
Жүректен жүрекке
М. Омаровтың Алғашқы махаббат әнін оқушылар шеңберге тұрып шырқайды. Өртенген сезімді, Қалайша өшірем.
Балауса кезімді, Қайтіп мен кешірем.
Алғашқы махаббат, Жүректі тербейді.
Мәңгілік бақ құсы, Қоштасқым келмейді.
Өмірдің пәктігін, Жаныма сыйлаған.
Кештерді қайтейін, Кетуге қимаған.
Страницы: << < 1 | 2 | 3