Сабақтың тақырыбы: Ас- адамның арқауы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Ас- адамның арқауы
Сабақтың мақсаты:
1)білімділік: оқушыларды қазақ халқының тағамдарымен таныстыру, негізгі және туынды түбір, септіктерді бекіту
2)тіл дамытушылық: ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, оқушының дүниетанымын кеңейту, ауызша ойлау мен сөйлесу қабілетін дамыту, сөз тіркесін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру
3)тәрбиелік: туған жерін, елін, салт-дәстүрін сүюге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа
Сабақтың типі: дәстүрлі
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сөйлесу, сұрақ-жауап
Қолданылатын көрнекіліктер: компьютер, интерактивті тақта
Жұмыс түрлері: жазбаша, ауызша
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Тексеру.
3. Сұхбат.
Психологиялық дайындық:
1. Бүгін нешесі?
2. Таңертең нешеде тұрдың?
3. Таңғы асқа не жедің?
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
-Біз бүгін "Ас - адамның арқауы" деген қазақтың мақалына сүйене отырып, қазақтың ұлттық дастарханына қонаққа келіп отырмыз. Қазақтың киелі ақ дастарханы біздің алдымызға жайылып, тағамдарын сыйлап тұр. Бірақ бұл дастарханға отыру үшін біз жұмбақ шешуіміз керек.
1. Дәмді - дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. /Дастархан/
2. Дос үйіне түстің бе,
Түгел соның үстінде. /Дастархан/
II. Үй жұмысын тексеру. Сұхбаттасу. 67 беттегі диалогті ауызша айту
II. Жаңа тақырып. Ас - адамның арқауы
Мұғалім: - Қазақтың киелі дастарханның үстіне қандай тағамдар қойылады?
Оқушылар: - Бауырсақ, таба нан, құрт, ірімшік, шұжық, қазы, айран, шай, қант, сары май.
Мұғалімі: - Өте жақсы! Қазақ халқы дастархан байлығына өте үлкен мән берген. Негізгі асы - сүт пен ет. Қазақтар тағам түрлерін: сүт тағамдары,

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: