ет тағамдары және ұн тағамдары деп үшке бөлген.
1-слайд. Сүт тағамдары
Сүттен құрт, ірімшік, қымыз, шұбат, айран, май, қаймақ, қатық, ежегей сияқты ішетін, жейтін әр түрлі тағам әзірлеген.
2-слайд. Ет тағамдары
Етті суға пісіріп те, буға пісіріп те, майға қуырып та, кесектеп те, отқа қақтап та әзірлеген. Олар қазы, қарта, шұжық, жал, жая, т. б. ет тағамдары.
3-слайд. Ұн тағамдары
Ал енді осы аты аталған тағамдардың ішінде, қай тағам ең қасиетті, киелі деп аталатын тағам? Қазақ халқының басты асы нан, нансыз өмір жоқ, сондықтан дастарханға алдымен нан қойылады.
Мұғалім: Нан туралы қандай тыйым сөздер білесіндер?
Оқушылар: Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды.
Мұғалім: -Неге нанды киелі деп атайды?
Оқушылар:
- Жерде жатқан нан болса алып, адам баспайтын жерге қою керек.
- Таңертең нан ауыз тимей үйден шықпау керек.
Мұғалім: - енді нан туралы өлең тындайық.
Оқушы:
- Нан - ардақты адал ас
Кәрі, жас одан аттамас.
Ақ дастархан үстінде,
Қол жумай оны ұстамас.
Нандай жоқ қой асыл дәм,
Жеп үйренген жасыңнан.
Дастарханнан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.
Ей, балалар, балалар,
Болмандар, сірә, нанға тар.
Өмірдің алтын арқауы-
Нан қиқымын шашпандар,
Теріп алып, қастерлеп.
Торғайларға тастандар. /Ө. Тұрманжанов/
Жаңа сөздер.
-мәнерлеп оқу, сөздікке жазғызу
-қазақ тілінің төл дыбыстары бар сөздерді дұрыс айтуға үйрету
Ардақты адал ас - бесценный, почитаемый продукт
одан аттамас - не перешагнет через него
қол жумай оны ұстамас - не возьмет не помыв руки
асыл дәм - прекрасный вкус
жасынан - с детства
береке кетер асыңнан - благополучие уйдет со стола
өмірдің алтын арқ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>