"Ыбырай Алтынсарин - кемеңгер адам"
Мақсаты: Ыбырай Алтынсаринның өмір-тарихымен тереңдете танысу, шығармаларынан үлгі-өнеге, өсиет алу.
Өту барысы:
"Кел, балалар, оқылық!" өлеңімен басталады.
І жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Бүгінгі сыныптан тыс әдеби кешімізді қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына арнаймыз.
ІІ жүргізуші: Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысы Затобол ауданында дүниеге келеді. 3-4 жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.
І жүргізуші: Заман талабын жақсы түсінген Балғожа би табысқа жетудің бір жолы - оқу деп білді. Сөйтіп, немересі - кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылған орыс-қазақ мектебіне оқуға береді.
Көрініс. "Ыбырайды мектепке алғаш әкелу"
"Кел, балалар, оқылық!" өлеңінің жалғасы.
ІІ жүргізуші: Мектепті 1857 жылы "үздік" деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады.
Ән. "Аяулы мектебім"
І жүргізуші: Өз бетімен көп ізденіп, білім қорын молайта келе, Ыбырай туған халқына пайдалы болуды мақсат етеді. Оның ынтасы ағартушылыққа ауады. 1865-4 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін бастауыш мектеп ашылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болып келеді.
Бейнежазба. "Сабақ беру кезі".
ІІ жүргізуші: Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы - оқулық деп санайды. Ол балаларға ана тілін аса ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалары арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздейді.
Слайд-шоу. "Ыбырай шығармалары"
Қазақ биі "Сағым".
І жүргізуші: Еңбекті сүю және қадірлеу - Ы
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>