Сабақтың тақырыбы: "Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы"
Мақсаты:
1. Оқушылардың Ыбырай өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін пысықтау; әңгімелерінің тақырыбын ашу.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.
3. Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, жақсы жолдас бола білуге тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер: "Сын тұрғысынан ойлау" технологиясы
Көрнекілігі: интерактивті тақта. окулық,хрестоматия
Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі.
Күтілетін нәтиже: "Қазақ хрестоматиясына" енген әңгімелермен таныс бола отырып, өзіндік ой қорытып, ненің жақсы,ненің жаман екенін айыра алады. Тіршіліктің тұтқасы еңбек,білім,өнер екенін түсінеді.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру,дайындығын бақылау
Сабақтың мақсатын айту.
- ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет өкілі
Ы. Алтынсариннің шығармалары бойынша алған білімдеріңді сарапқа салу мақсатында өткізіліп отырған бүгінгі ашық сабағымызда әңгімелерін талдау барысында өз ойларыңды ашық айта біліңдер, қойылған сұрақтарға толып жауап беру талап етіледі.
Үй жұмысын тексеру
"Деректер сөйлейді" тапсырмасы. (Рет-ретімен тұрған сандар арқылы Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармашылығын айтып беріңдер)
1841 - Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды.
1850 - Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне түседі.
1857 - Мектепті үздік бітіріп шыққан жылы
1859 - Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы.
1860 - Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп
ашу туралы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>