Сабақ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

бырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерінде үгіт, өсиет түрінде береді. Сондай әңгімелерінің бірі - "Әке мен бала" әңгімесі.
Көрініс. "әке мен бала".
ІІ жүргізуші: Ыбырай Алтынсарин өз шығармашылығы арқылы туған халқын білім алып, өнер үйренуге шақырды, жастарды ізгілік пен жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиеледі.
"Өнер-білім бар жұрттар" өлеңі.
І жүргізуші: Қазақтың тұңғыш педагогі, ақын-жазушысы, балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін Н. И. Ильминский "Ыбырай Алтынсарин туралы есте қалғандардан" деген атпен арнаулы кітап бастырып шығады. Қазақ әдебиетінде педагог-жазушының көркем бейнесі жасалды.
1-оқушы: "ХІХ ғасырда қазақ даласынан шығып, орыс, Еуропа мәдениетіне қолы жеткен оқымысты, халық ағартушысы дәрежесіне көтерілген әрі педагог, әрі ақын-жазушы Ыбырай Алтынсариннің өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор" - Қ. Жұмалиев.
2-оқушы: Н. И. Ильминский өз естелігінде: "Мен Ыбырай Ал-тынсаринмен отыз жылға жуық таныс едім. Мен оған шын ықыласыммен берілдім, әсіресе, оның орыс біліміне ерекше құмар-лық-пен ұмтылып, ол білімнің қазақтар үшін де керек екенін ешқашан есінен шығармай-тындығын айрықша бағалайтын едім", - деп жазды.
ІІ жүргізуші: Ыбырай Алтынсарин қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол қараңғы көшпелі өз халқының ішіне европалық цивилизацияның жарық сәулесін таратқан. Бұл Ыбырай Алтынсарин еңбектеріне берілген зор баға күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.
І жүргізуші: Ұлылар ұлағаты өркениеттің өр тауларына жетелейді. Ыбырайдай асыл бабаның таза, мөлдір, кәусар бұлағынан нәрлене білейік, рухани әлдене білейік ағайын.
Ал осы кешімізді тамаша әнмен аяқтайық.
Ән. "Нар аға".

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: