ері ертеден жібек матадан киім-кешектер тігетін. Жапондар ата-бабасынан бері темірден, алтыннан, күмістен әр түрлі заттар жасай білген. Күні бүгінге дейін жапон семсері әлемге әйгілі болып келеді. Жапон семсері көп елдерге шығарылып отырған. Мысалы, 1483 жылы шетелге 67 мың семсер сатылған. Жапондар Корея, Қытай, Филиппин аралдарымен сауда-саттық қатынас жасап отырған. Елдегі ірі калалар - астанасы Киото, Сакаи, Хиого, Хаката, Нагасаки т. б.
5. Біртұтас мемлекеттің құрылуы
Жапонияның бір орталыққа бағынатын күшті мемлекетке айналуына, феодалдық құрылысты нығайтуға феодалдар мүдделі болды. Олар мұндай үкімет өзара қырқысты, шаруалар көтерілістерін тоқтатады, өсімқор буржуазияның өсіп бара жатқан беделін шектейді деп үміттенді. XVI ғасырдың соңы Жапонияда капитализмнің белгісі - сауда буржуазиясы қалыптаса бастаған кез болатын. 1568-1582 жылдары елді біріктіру ісін феодал Ода Нобунага басқарды. Аз ғана уақыттың ішінде ол орталық Хонсю аралыжерін өзіне бағындырды. 1573 жылы Асикага әулетінің ең соңғы сегунын биліктен кетіреді. Ода Нобунага 1580 жылы Жапонияның жартысын біріктірді. Жапонияның ең бай қаласы Сакаиды бағындырды. Нобунаганың ісін алға апарған досы Тоётоми Хидэёси (1583-1598) елді біріктіру ісін жалғастырды. Хидэёси елде қатаң тәртіп орнатты. Ол шаруаларды жерге бекітетін, басы ауған жаққа кетуіне тыйым салатын заңдар шығарды. Сырт елдермен басқыншылық саясат жүргізіп, 1592 жылы Корея еліне екі рет жорық ұйымдастырды. Оңтүстік Корея жерін уақытша бағындырды. 1598 жылы Хидэёеи өлгеннен кейін Жапонияны біріктірумен Токугава (1598-1616) айналысты. 1603 жылы ол елді біріктіруді аяқтап, сегун деген атақ алды. Токугава әулетінің сегундары Жапонияны 1867-1869 жылдардағы буржуазиялық революцияға дейін 265 жыл биледі.
IV. Жаңа сабақ
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>