Пәні: Қазақстан тарихы
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: §42. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы.
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға Тәуке ханның тұлғасын,оның ел басқару жүйесін жетілдіруі, “Жеті жарғы” заңын таныстыру,білгірлікпен жүргізген сыртқы саясатының нәтижесін көрсету
- Тәуке хан сияқты талантты саясаткер және дипломаттың халқына сіңірген тарихи еңбегін түсініп,бағалай білуге үйрету.
- Сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, оқушылардың іс - әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу, білім – білікітілігін дамыту.
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ.
Сабақтың типі: Дағды мен шеберлікті меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: кесте,сызбалар,бағалау парағы,жетондар, электронды оқулық Қазақстан картасы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жұппен жұмыс,топпен жұмыс,ой-қозғау,Блум жүйесі, құжатпен жұмыс,интерактивті оқыту әдістері,Блоб ағашы,конверт сұрақ
сто стратегиялары.
Жаңа технология: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.