Сабақ жоспары

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қазақ тілі
3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты: 1. Зат есім туралы алған білімдерін пысықтау. Зат есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Қатесіз, дұрыс жазуға үйрету.
2. Берілген тапсырманы орындай отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды өз беттерінше ізденуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, Microsoft PowerPoint презентациясы, суреттер, магнит тақта, жазба материалдар, сандық, алтын кілт, сөзжұмбақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: пысықтау
Сабақтың әдіс тәсілі: сұрақ - жауап, көрнекілік, топтастыру, семантикалық карта, жаттығулар, өздік жұмыс, жұппен жұмыс.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Армысыздар, балалар,
Дайынбыз ба сабаққа?
Шебер, шешен өнері
Сай келейік талапқа.
Бар ма үйден дайындық?
Тапсырмамыз дұрыс па?
Оқымасаң уайым жеп,
Тығылмаймыз қуысқа.
Ойымызда айтайық,
Білімімізді бастайық
Мына отырған ұстаздар
Қалсын бір сәт марқайып.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Заттарды ата. Ол сөздерді сын есіммен тіркестіріп жазу керек болатын. 2 - 3 оқушыдан сұрау.
2. "Жасырынған қосымшаны тап" ойыны. Қосымша түрін ажырату.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Жұмбақ шешу.
Кім? Не? Деген сұрақ қойып,
Сөйлемде ой иесі боламын. Зат есім.
Бүгінгі жаңа тақырыбымыз "Зат есім" Зат есім туралы алған білімдерін пысықтау.
Жұмбақтың шешуі табылғаннан кейін, сұрақтарға жауап алу.
Зат есім дегеніміз не?
Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?
Зат есімге мысал келтіріңдер.
2. Алтын сандық. Ашылмайды, кілті жоқ екен.
- Кілті қандай деп ойлайсыңдар?
- Ішінде не бар деп ойл

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: