С-Ш дыбыстарын буындарда машықтандыру

Страницы: 1 | 2  >  >>

Саб тақырыбы: С-Ш дыбыстарың буындарда машықтандыру.
Саб мақсаты: С-Ш дыбыстарын буындар ішінде дұрыс айтуға үйрету, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Түзеу мақсаты: С-Ш дыбыстарын буындар ішінде машықтандыру
Көрнекілігі: айна, ш-с дыбыстарының айтылу профилі,суреттер, топ шамалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Назарларын сабаққа аудару.
2. Оқушыларды психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау.
ІІ. Логопедиялық жаттығулар
"Күрекше"
жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, төменгі ерінге салып, 10-15 сек. ұстап тұру крек.
"Алтыбақан"
тілді жіңішкертіп, кезекпен мұрынға, иекке қарай созу, бірақ ауызды ашып ұстап тұру керек. Бұл қалыпта тілді оңға дейін санап тілді қозғалту қажет.
"Ат шауып келеді"
ауызды кең ашып, тілді таңдайға жабыстырып, баяу, жылдам қағу керек. Тіл асты желбезегін созу. Осы жаттығуды бір ден беске-оңға дейін қайталау қажет.
"Кесе"
ауыз кең ашық, жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп, бірақ тіл тіске тимеуі керек, 10-15 сек. ұстап тұру керек.
"Сылақшы"
ауыз кең ашық, тілдің ұшымен қатты таңдайды сылау. Бағытын өзгерте отырып, 10-15 рет қайталау.
С-Ш дыбыстарының айтылуы
С-Ш дыбыстарының айтылуынан еске түсіреміз. С дыбысын қалай айтамыз? С дыбысын айтқанда еріндер жымияды. Тістердің арасы шамамен 1мм ашық болады. Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреледі, салқын ауа пайда болады. Ш дыбысын айтқанда еріндер түтікшеге ұсқсайды. Тілдің ұшы жоғарғы тістерге тіреледі, жылы ауа пайда болады.
Тілді төмен са-са-са - ән айтады жараса!
Тілді жоғары ша-ша-ша - біздің шана тамаша!




С-ш-с-с-ш-с-ш-с-ш-ш-с ш-ш-с-ш-с-ш-с-с - ш-ш
С-Ш дыбыстарын буын ішінде бекіту.
"Кім зейінді?"

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: