С. Сейфуллин. Ақсақ киік

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин «Ақсақ киік»
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: ақын жайлы мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа мағлұматтар алуға жағдай туғызу «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеяларын ашу.
ә) дамытушылық: шығармашылық жұмыстар аркылы ойлау қабілетінің дамуына ықпал жасау, өз бетінше түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруға жол ашу.
б) тәрбиелік: отансуйгіштікке, табиғатты қадірлеуге, экологиялық және эстетикалық тәрбие беру, адамгершілікке баулу.
Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойтолғаныс.
Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану, әдебиет
I. Ұйымдастыру
амандасу,оқушыларды түгендеу,оқушы назарын сабаққа аудару
қайталау сұрақтары
II. Жаңа сабақ
Ой қозғау
Балалар,бәйтерек деп аталатын алып ағаш туралы не білеміз?
(осы сұрақ арқылы қазақтың «Үш бәйтерегіне»жауап алынады)
С. Сейфуллин (Сәдуақас) Сейфоллаұлы - 1894 жылы 23 мамырда Ақмола облысы, Ақмола уезінің Нілді болысында дүниеге келген. Әкесі өз еңбегімен күн көрген саятшы, домбырашы, әңгімешіл адам болған. Ал анасы Жамал да ел әдебиетін жақсы білген. Тәрбиелі орта Сәкеннің халық өнеріне деген сезімінің оянуына көмектескен. Оның «Далада», «Сыр сандық», «Қамаудан», «Тұлпарым» деген адам жанының сыршылдығын, құпиялылығын терең мағынамен берген өлеңдері бар.
«Ақсақ киік» өлеңі
Географиялық сипаттама: Арқа, яғни Сарыарқа Орталық Қазақстанды алып жатқан аймақ. Батысынан Шығысына дейін 1200 км өңірді алып жатыр. Қысы суық, жазы ыстық. Қуаңшылық жерлер көп болғандықтан сортаңды жерлерде өсетін көкпек, жусанның бірнеше түрлері өседі. Ақбөкен де осы Арқада мекендейді. Еті пайдалы, мүйізі медицинада қолданылады.
III. Шығармашылық жұмыс:
1-Тапсырма
Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
1-топ. Өлең

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: