ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН – ҰЛЫ ЖЕҢІС

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС!
Мерекелік іс-шараның мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиғанаталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
І жүргізуші:
Соғыс жылы бәрін де мұң кернеді,
Байғұс ана жас баласын тербеді.
Мен білемін, біздің қазақ еліне,
Ұлы жеңіс оңайлықпен келмеді.
ІІ жүргізуші:
Жауға деген өшпенділік сөнбеді,
Біздің қазақ ешнәрсеге көнбеді.
Сол соғыста үлкен ерлік көрсетіп,
Қазағымның ұл-қыздары ерледі.

І жүргізуші: Соғыс. Осы бір ауыз сөзде қаншама ызғар, салқындық бар. Соғыс деген сөзді естігенде жүрегі мұздамаған, көңіліне қаяу түспеген адам жоқ шығар. Қар жамылып, мұз жастанып, ұйқы мен күлкі көрмей өткізген 1418 күн ешқашан ұмытылмайды.
ІІ жүргізуші: Сол кездегі Кеңестер Одағының құрамындағы Қазақстан халқы да бұл соғысқа қатынасып, қасық қандары қалғанша жаумен шайқасты.
Қазақ өзінің батыр халық екенін тағы бір дәлелдеп шықты.
І жүргізуші:Дүниежүзі халқы бостандық алды. Батыр аталарымыз сыйлаған бейбітшіліктің арқасында Ұлы Жеңістің 72 жылдығын қарсы алғалы отырмыз.
ІІ жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, қадірлі ардагерлер және мектеп оқушылары,биылғы Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!
І жүргізуші
Жасқанбаған жауынан жарақты ер,
Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел.
Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ,
Жүздеріңе сендердің қарап білер
ІІ жүргізуші:
Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер азайып барасыңдар.
І жүргізуші:
Тағы да көкте

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: