ра қашықтық 20 - 30 қадам.
1 - топ. Ойынды бастайды:
Ақсерек - ау, ақ серек
Бізден сізге кім керек.
2 - топ Ойынды жалғастырады
Ақсерек - ау, ақ серек
Жаман - жаман бала аты (бала аты) керек.
Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады, өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.
Тәрбиеші:
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділ қазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз.
Тәрбиеші: Құрметті көрермендер, балалар біздің алға қойған мақсатымыз ата - бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге - құрмет, кішіге - қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру.
Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан - жақты жетілдіруге бағытталған.
Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған "Ұлттық ойыны - ұлықтайық" атты спорттық кешімізді қорытындылап, әділ шешімімен "Тұлпар" және "Қыран" топтарының арасындағы сайыста достық жеңді. Екі топты алтын және күміс медалдарымен марапатталады. Осымен спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!
Страницы: << < 1 | 2 | 3