Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

қсат
"Тұлпар" тобы
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па!
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа.
"Қыран" тобы
Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық
Намысты қолдан бермейік
Жарысты озып шығайық.
Тәрбиеші: Балалар, сендерге сәттілік тілей отырып, жарысымызды бастаймыз.
Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық. . .
Сайыс шарттары:
1. Бәйге
2. Арқан тартыс
3. Теңге алу
4. Қол күрес
5 Ақсерек - көксерек
Ойын: Ұлттық ойын "Бәйге"
Ойын шарты: Әр топтың алдына 3 - 4 м қашықтықта межелер белгіленді.
Екі топтың балалары ( арақашықтық2м) сап түзеп тұрады. Бұл ойында жұптасып жарысады. Әр топқа бір ат, бір қамшы байланады. Белгі бойынша әр топтан бір баладан атқа қонады да жарысады. Балалар аттың шабысына салып шабуы тиіс.
Ойын: Ұлттық ойын "Арқан тартыс"
Ойын шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойын бір түрі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.
Ойын: Ұлттық ойын "Теңге алу"
Ойын шарты: Бұл ойынды ер балалар ойнайды. Аттың орнына шыбық ат пайдаланады. Белгілі бір жерге теңгені ыдысқа салып қояды. Ойыншылар атпен шауып келіп еңкейіп теңгені ыдыстан тез алып шаба жөнеледі. Егер ойыншы теңгені алмай қалса жеңілген боп есептеледі.
Ойын: Ұлттық ойын " Қол күрес"
Ойын шарты: Ортаға екі ойыншы шығып, кілемнің үстіне жамбасынан жатады. Олар бас бармақтарын айқастыра қолдарын жымдастырып ұстайды. Ойынның шарты қолының күші көп ойыншы қарсыластың қолын жерге тигізуі керек.
Ойын: Ұлттық ойын: "Ақсерек - көксерек"
Ойын шарты: Ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді, қолдарынан ұстап тұрады. А

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: