Тақырыбы: "Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады"
Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған іс - әрекет: Дене шынықтыру
Тақырыбы: "Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады"
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Ұлттық ойындар дене шынықтыру іс - әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.
2. Дамытушылық: Қазақ халқының ерлік - жауынгершілік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хан батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;
3. Тәрбиелік: Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін - өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Қажетті құралдар: Арқан, Жылқы, Теңге, Қамшы.
Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар мен тәрбиешілер! Бүгінгі "Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады" атты спорттық ойындар жарысына қош келдіңіздер! Топ арасындағы жарысқа топтарды ортаға шақырайық.
Қаражорға әуенімен балалар ортаға шығады.
Тәрбиеші: Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке - жеке команда
Ал, балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанды,
"Ура" деген ұранды біз тастаймыз
Жарысымызды ал енді бастаймыз
"Жеңіске жетеміз!" деп
Жалынды ұран тастаймыз.
Тәрбиешілер: "Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады" - атты жарысымызды бастаймыз.
Бүгінгі жарысқа қатысуға екі топ келіп тұр. Осы топтардың жарысына әділ бағасын беретін сіздерсіздер.
Ал, құрметті халайық
Жарысты енді көріңіз
Әділ қазы алқасы
Әділбаға беріңдер
- дей отырып топ капитандарына сөз берейік.
1 - топ "Тұлпар"
Топ капитаны - Саят
2 - топ "Қыран"
Топ капитаны - Ма
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>