Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8 «Б» сынып Күні: 29. 01
Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: құрмалас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе оты- рып,білімдерін бекіту;
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.
Тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу,топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру. Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: ауызша сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру, сын тұрғысынан ойлау, өз бетінше іздену, талдау әдістері
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта, тақырыпқа арналған кестелер, дидактикалық материалдар
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Сынып оқушылары сөйлемдерді таңдап алады. Ол сөйлемдер жақты, жақсыз сөйлемдерге байланысты, жақты сөйлемі бар оқушылар 1-топ, ал жақсыз сөйлемі бар оқушылар 2- топ болады. Топ басшыларын сайлайды, топтың атын қояды.
Бағалау парағына топ басшысы аттарын жазып қою.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
1. Үйге берілген тапсырманы сұрау;
2. Өтілген тақырыпты «Сандар сыры» ойнымен пысықтау. ( интерактивті тақтада сандар тұрады, сол сандарды оқушылар таңдап, артындағы сұрағына жауап беру керек)
1. Сөйлем құрылымына қарай нешеге бөлінеді?
2. Сөйлем дегеніміз не?
3. Сөйлемнің өзіне тән ерекшеліктерін ата.
4. Жай сөйлем дегеніміз не?
5. Жақты сөйлем дегеніміз не?
6. Жақсыз сөйлем дегеніміз не?
7. Жалаң сөйлем дегеніміз не?
8. Толымды сөйлем дегеніміз не
9. Толымсыз сөйлем дегеніміз не?
10
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>