Құрмалас сөйлем

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

тиянақтап алғысы келгенмен, Жанардың батылы бармады.
Салалас құрмалас сөйлем: (сложносочиненное предложение) - құрамындағы бөліктерінің баяндауыштары тиянақты келіп, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемдердің түрін салалас құрмалас деп атайды. Мысалы: Гүлсарының бойы жылынды, қалшылдағаны басылды. Салалас құрмалас сөйлем мынадай 6 түрге бөліненді:
Ыңғайлас салалас
Түсіңдірмелі салалас
Себеп-салдар салалас
Қарсылықты салалас
Талғаулы салалас
Кезектес салалас
Аралалас құрмалас сөйлем - Құрамындағы сыңарлары салаласып та сабақтасып та байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін аралас құрмалас сөйлем деп атайды. Мысалы: Бұл халге түскенің көрген Айбала мұңын сөзбен шағуға келмейтін болған соң, ішкі сезімін көздің жасымен білдірейін деп еді,- көз жасы таусылғандай жылай алмады.
1. жаттығу. Қыздар, қазір мен сіздерге 5 мин уақыт берем, сіздер әр топ берілген тақырып бойынша құрмалас сөйлемді пайдалана отырып, мәтін құрау.
Мен жыл мезгілдерінен қыс мезгілін ұнатамын, бірақ. . .
2. жаттығу. Мына сөздерді дұрыс қойып, құрмалас сөйлем құрастыр. 2 мин
1. Серік Жаңбыр шыға жауды үйден да, алмады. ( Жаңбыр жауды да,Серік үйден шыға алмады. )
2. , жұмысқа Машина әкем бұзылды жаяу барды. (Машина бұзылды да, әкем жұмысқа жаяу барды )
3. менің Бүгін кітап керек кітапханаға барып алуым. (Бүгін кітапханаға барып, менің кітап алуым керек)
4. Мен сабаққа ұйықтап кешіктім. қалдым да, (Мен ұйықтап қалдым да, сабаққа кешіктім)
Екі жай сөйлемнен сабақтас құрмалас сөйлем құрастыр.
1. Мұғалім келді. Жиналыс басталды. (Мұғалім келді де, жиналыс басталды)
2. Сен көп жүрдің. Аяғың ауырды. (Сен көп жүргендіктен, аяғың ауырды)
3. Мен Ыстықкөлге бардым. Досыммен кездестім. (Мен Ыстықкөлге барып,досыммен кездестім)

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: