Құлағы мүкіс тартқан кәрі әжесінің ең бір жақсы көретін немересі Абай-ды. Оны есінен шығармай, дұғасына кіргізіп, тілеуін тілеп отыратын. . . . . .
Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. . . . . .
Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты. Онысы, әсіресе әжесі. Одан қала берсе - шешесі.
Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады. Әуелі Абай ауыра бастағанда бір күні кешке ұйықтай алмай жатып, әжесінен әңгіме айтуды сұрады.
Сонда ол ойланып отырып:
- Е-е. . . . . . Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрыңғыда кім өткен? - деп кішкене тақпақтап бастап еді. Абай соны ұғып қапты. Келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесін тізесінен ақырын қағып:
- Е-е. . . . . . Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен? - деп тағы да әңгіме тілегенін білдіруші еді.
Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. "Еділ-Жайық", "Жұпар қорығы", "Құла мерген" - бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да Абай айтқыза беретін болды. Абай қажымай, жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, өз шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді. Және ол көбінесе өлеңді сөзді жиі айтады. Оқымаған шешесінің әлі күнге ұмытпай, білдірмей, сақтап жүрген зейініне таңқалады. Екі анасын көңілдендіріп тағы айтқызу үшін кейде өзі де қаладан әкелген кітаптарының ішінен "Жүсіп-Зылиқа" сияқты қиссаларды оқып береді. Әндетіп, мақамдап қояды. . . . . .
Зере Абайдың кітапқа қойған ықыласын байқап, бір күні кешке:
- Қарағым, осының ақыл. Ішкен мен жегенге мәз болып, мойны-басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүрген бай б
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>