алар:
а) Мәтін бойынша сұрақтар құрастырындар (3,4 сұрақ).
ә) Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, тұйық формасын құрастырындар .
б) "Беру" етістікті тәуелдік формада жіктеңдер .
Оқылымалды сұрақтар:
1-топқа: Балалар, қазақ отбасында бала тәрбиесімен кімдер айналысады?
Ықтимал жауап: ана, әке, әже.
2-топқа: Бұрынғы кездегі және қазіргі кездегі бала тәрбиесі қандай?
Ықтимал жауап: Бұрынғы кезде анасы үйде отырған, қазір жұмыста көп уақыт өткізеді. Қазір күтуші жалдайды.
3-топқа: Әженің тәрбиесін көрген қандай ұлы тұлғаларды атай аласыңдар?
Ықтимал жауап: Мысалы, Абай, Шоқан, Нұрсұлтан.
4-топқа: Әже тәрбиесін көрген бала әдетте қандай болады?
Ықтимал жауап: ақылды, сабырлы, байқампаз.
5-топқа: Әже сөзін сипаттайтын сын есімдер атаңыз.
Ықтимал жауап: мейірімді, елгезек, ақылды, парасатты, сабырлы, байқампаз, сезімтал, жанашыр, жаны сұлу, рухы мықты, жайдары, т. б.
Мұғалімнің кері байланысы
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын-абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың тәрбиешісі әрі ақылгөйі.
Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.
Қолдану
Оқылым тапсырмасы:
1. Мәтінді оқып, тақырып қойыңыз.
2. Негізгі ақпараттарды сақтай отырып, 80-90 сөз көлемінде жинақы мәтін жазыңыз. Кейіпкерлердің ойын төл сөз арқылы жеткізіңіз.
. . . . . . .
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>