Құрастыру

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

br/> Белдік киімдердің негізгі тобын белдемшелер құрайды.
Белдемшелер - әйелдер гардеробының негізгі бөлігі.
Белдемше пішіні заманына, мода бағытына байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ үнемі сұранысқа ие. Белдемше костюмнің бөлігі ретінде және жеке бұйым болып та табылады немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Әдемілік, қарапайымдылық және қолайлылық - белдемшеге қойылатын талаптар осылар. Белдемше формасы ғасырлар бойы өзгеріп отырды.
Тарихи анықтама
Киімдердің ең көне элементтерінің бірі белдік болатын. Белдікке тартылған терілер, жапырақтар, маталар алғашқы белдемшенің түпнұсқалары еді.
Негізінен адамдар киімді әйел адамның, ер адамның киімі деп бөлуді білмеген. Ежелгі Греция мен ежелгі Римде белдемше ер адамның киімінің бірі болған. Оның ұзындығы лауазымына байланысты болып келген, яғни жастардың киіміне қарағанда елеулі азаматтардың киімі ұзынырақ екен. Белдемшенің ұзын-қысқасынан - әлеуметтік мәртебесін байқауға болады. Ал әйел адамда белдемше болмаған, олардың киімдері жамылғы, туника болып келген.
Тек ХV ғасырда готикалық белдемше кеудеше мен белдемшеге бөлінді.
ХVІ ғасырда Испанияда бай әйелдер көлемді, қабат-қабат бірнеше белдемшеден тұратын киімдерді кие бастады. Бұл белдемшенің бір кемшілігі салмағы ауыр болды, сондықтан белдіктерге бекітілген бірнеше металдардан жасалған құрсауды (обруч) ойлап тапты.
Италия мен Францияда белдемше жеңілдеу, аз қабаттан тұрды. Мықын тұстарына арнайы мақта жастықшаларын қойды.
ХІХ ғасырдың аяғында белдемше еркін, қолайлы, күнделікті өмірге ыңғайлы бел бұйымына айналды.

ХХ ғасырдың 60-шы жылдары британ Мэри Куант "мини" белдемшені сәнге кіргізді. Британ империясы Мэри Куанттың қысқа белдемшесін қабылдап орден берді және экспортқа шығаруға рұқсат берді. Бұдан

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: