Құрастыру

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Бағдарламаның тақырыбы: Тік белдемше сызбасын құрастыру,
пішу және өңдеу
Сабақтың тақырыбы: Тік белдемшенің сызбасын құрастыру.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Тік белдемшені құрастыру, пішу барысында өндірістік
дағдыларын қалыптастыру.
дамытушылық: Теориялық білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге, алған
білімдері арқылы өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
тәрбиелік: : Ұқыптылыққа, әсемдікке, төзімдікке, үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Қолданылатын технологиялар: ойын технологиясы
Пәнаралық қатынас: тарих, құрастыру.
Материалды - техникалық жабдықталуы: компьютер, интерактивті тақта, нұсқау карта, шеберхана жабдықтары, оқушылардың жеке құралдары.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі - 5-6 мин
1. Оқушылармен амандасу.
2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Кіріспе бөлім
Оқушылардың зейінің жаңа сабаққа бейімдеу:
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын өткен тақырыпты естерімізге түсіріп жіберейік.
1 тапсырма: Карточка - ойын "Лото"
Оқушыларға карточка беріледі дене өлшемдері. Ойын шарты: өлшем алу әдісінің толық жазылуына сай ұяшықты жабу.

2 тапсырма: Суретке карап өлшемдерді трек сызығын белгілеу

3- тапсырма: Суретке қарап қатені та бу

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау:
Тік белдемше сызбасын құрастыру барысында практикалық дағдыларын қалыптастырып, алған білімдері арқылы өз бетінше жұмыс істей алуға үйретіп, жұмыс барысында төзімділікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Жаңа тақырыпты баяндау
Қолдану әдісіне байланысты барлық киімдер белдік және иықтық болып жіктеледі.
Иықтық деп иыққа бекітілетін, ал белдік деп белге бекітілетін киімдерді айтады. <

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: