quot;Бәйтерек" деп аталды. "Бәйтерек" Есіл өзенінің сол жағында орналасқан. Ол үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі - жер асты бөлігі, екіншісі - ұзын темірден жасалған, үшіншісі - үлкен дөңгелек шар. Ал дөңгелек шардың ішінде елбасымыздың қолының ізі бар тас орналасқан. "Бәйтерек" - Астана символы. Сонымен қатар думан ойын сауық кешені бар.
"Думан" ойын - сауық кешені 2000 жылы салына бастады. Бұл кешенде океанариум, "Джунгли" балалар аттракционы, боулинг залы, шағын дүкендер бар. Думан" океанариуымы - Қазақстандағы тұңғыш және алғашқы океанариум. Онда 2000 ға жуық жәндіктер және балық түрлері де кездеседі.
3 - аялдама "Пирамида"
Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1, 5 мың орынға арналған опера залы, жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.
Тапсырма
Пирамиданың қызметкерлері бізге тапсырма дайындаған екен. Ендеше балалар тапсырмаға көшейік. Неғұрлым тез орындасаңдар, соғұрлым тез келесі ғимаратқа жететін боламыз. Сендерге сәттілік тілеймін!
"Астана" мәтінінен сан есімдерді теріп жазып, мағынасына қарай ажыратыңдар.
Жауап: екі мың екінші - реттік сан есім, мың тоғыз жүз тоқсан жеті - есептік сан есім, тоқсан жеті - есептік с. е, үш - есептік сан есім, бірінші - реттік сан есім, екіншісі - реттік сан есім, үшіншісі - реттік сан есім, екі мыңыншы - реттік.
4 - аялдама "Ақ Орда"
"Ақ Орда" Қ. Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш. м құрайды. Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкіме
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>