Рассказ

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

т үйі, ҚР жоғары соты, ҚР министрліктер үйі орналасқан.
Тапсырма
"Ақ Орда" бізге сандық сыйға тартып отыр. Бұл - жай сандық емес, сиқырлы сандық. Ал енді осы сандықтың сұрақтарына жауап беріп, келесі ғимаратқа жетейік.
"Сиқырлы сандық". Берілген сандарды таңдап, жасырынған сұрақтарға жауап беру.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
1. Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала?
2. Астанадағы ойын - сауық орталықтарын ата.
3. Бәйтеректің ұзындығы қанша?
4. Сан есім дегеніміз не?
5. Сан есімнің сұрақтары қандай?
6. Сан есімнің неше мағыналық түрі бар?
7. Астана қаласы бұрын қалай аталған?
8. Сан есімі бар қандай мақал білесіңдер?
9. Адасқан сөздерді орнына қой.
Астана, орналасқан, қаласы, Солтүстік, аймағында.
10. Астананың болашағын қалай елестетесің?
Сергіту сәті "Қара жорға" биі.
Балалар біз сіздермен 4 - ші аялдамадан да өттік. Барлығымыз қатты шаршаған шығармыз иа? Олай болса қанекей "Қара жорға" биін билеп, бір сергіп алайық.
5 - аялдама "Думан"
"Думан" ойын - сауық орталағы Елорданың сол жағалауында салынған. 3д кинотеатры, "Джунгли" аттракционы, боулинг, көп функционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. "Думан" ересектердің де, балалардың да сүйікті демалыс орны.
Тапсырма
Енді келесі аялдамаға өту үшін сендерге "Думан" ойын - сауық орталығы да тапсырма ойластырып қойыпты. Сан есімдерді мағыналық түрлеріне байланысты Перфокартаға толтыру берілген. Қане бастайық.
1 - тапсырма Берілген сан есімдерді мағынасына қарай бөліп жазыңдар.
11, 50 - 60, алтау, жетпістей, мыңыншы, жүздей, біреу, бес - бестен, 242, қырықтай, 40 - 50, отызда

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: