Рассказ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Астанаға саяхат
Жарияланды 29-05-2013, 19:39 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті
Сабақтың мақсаты:
Астана қаласына саяхатқа барып, әсем ғимараттарымен танысу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Елорда туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру, сан есімнен алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір - біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу. 2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себептерін сұрау. 3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау. 4. Тіл дамыту сәтін өткізу.
ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру, жалпылау: 1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. 2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау. 3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау. 4. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.
Үй тапсырмасы: Балалар сендерге бүгінгі сабаққа Астананың көрікті жерлері туралы мәліметтерді жинақтап келу тапсырмасы берілген болатын. Өздеріңнің тапқан мәліметтеріңді қайталай отырыңдар. Қазір Астанаға саяхат сабағы барысында үй жұмыстарың да тексеріліп отырады.

ІІІ. Жаңа сабақты қалыптастыру: "Астанаға саяхат"
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол - саяхат сабағы. Елордамызға саяхатқа шығамыз.
- Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?
- Карта.
- Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.
- Балалар, бір - біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер?
( топтар бір - біріне іске сәттілік,

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: