арты орамы, мықынның жарты орамы, арқанынң белге дейінгі ұзындығы, бұйым ұзындығы)
5. Белдемшені аң терісінен беліне қыстырып қолданған кез қай ғасыр? (тас ғасыры)
6. Белдемшені тігуге қолданылатын матаның бір түрі? (драп).
3. Жаңа сабақ.
Халықтың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар: тіл өнері, қолөнері және саз өнері. Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Солардың ішінде ертеден келе жатқан өне апаларымыз, әжелеріміз тігетін құрақ құраудың өзіндік тарихы бар.
Екі түрлі матаны бір- бірімен қиылыстыра тігетін болсақ, қарапайым ғана құрақ шығады. Құрақ құрау өнері XV-XVI ғасырда дамыған.
Абай атамыз айтқан бес дұшпанның бірі- ысырап болса, өнердің бұл саласы сол ысырапшылыққа жол бермейді.
Құрақ құрау екі мақсатты көздейді:
1. Матаның қиындыларын іске ұқсату (кәдеге жарату)
2. Үлкен сәнділікке баулу, матадан әр түрлі фигуралар жасай отырып, қиылыстырып бір бұйым жасап шығару.
Құрақтың атаулары әр түрлі: қазақ тілінде құрақ құрау өнері- "құрақ", орыс тілінде құрақ құрау өнері- "лоскутное шитье" немесе мозаика, жапон тілінде құрақ құрау өнері- "сашико", ағылшын тілінде құрақ құрау- "пэчворк" және "квилт" деп атайды.
Құрақ, оның түрлері туралы беру.
Құрақ құрау халқымыздың үй- тұрмысы бұйымдарында ұрпақтан ұрпаққа ұласқан ұлттық өнері. Құрақ құрау үшін қалған қиынды маталар қолданған. Құрақ құрау мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату және үлкен сәнділікпен матадан әр түрлі пішіндерді қиюластыра отырып келтіру. Бұрынғы әже- әпкелеріміз күнделікті үй- тіршілігінде өзіндік орны бар, пайдалуына қарай, шай құюшыға арналған шағын көрпеше, мейманға салат
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>