Құрақ туралы жалпы түсінік. Құрақ түрлері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қарақоға орта мектебі





Ашық сабақ: "Құрақ туралы жалпы түсінік. Құрақ түрлері. "
9а сынып

Технология пәнінің мұғалімі:
Исина Г. Б.










2015-2016 оқу жылы

Тақырып : Құрақ туралы жалпы түсінік. Құрақ түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет- ғұрпын, салт- дәстүрін, мәдени мұрасын оқушылар бойына дарытып, іскерлікке баулу;
Дамытушылық: оқушылардың талғамдық қабілетін арттыру, ой- өрісін, өзіндік іс- әрекетін, шығармашылық қабілетін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын, таным белсенділігін арттыру;
Тәрбиелік: ұқыпты, таза, әдемі жұмыс жасауға үйрету. Теориялық білімдерін ұштастыра отырып, имандылыққа, еңбекшілік пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс, өзара іздене білу.
Пәнаралық байланыс: тарих, геометрия, әдебиет, бейнелеу, сызу, өзін-өзі тану.
Көрнекілігі және керекті құрал- жабдықтар: қатты қағаз, үлгілер, сызғыш, ине, жіптер, қайшы, бор немесе қарындаш.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі. "Жүректен- жүрекке" біріне- бірі жылы лебіз білдіреді, тілек айтады.
2. "Кім көп біледі?" Үй тапсырмасын сұрау.
1. белдемше конструкциялық ерекшеліктеріне қарай қалай бөлінеді? (қынамалы, кең етекті, бірнеше сыналы)
2. Белдемше қандай киім түріне жатады? (әмбебап)
3. Белдемше тігуге арналған құрал- жабдықтар? (тігін машинасы, үтік және үтік тақтайшасы, қайшы, сызғыш,бор немесе құрақ сабын, жіптер)
4. Белдемшені тігуге алынатын өлшем бірліктер? (белдің ж

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: