Бркенова Назгүл Есімбекқызы,
бастауыш сынып мұғалімі
3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясы
Көкшетау қ.
Ақмола облысы
nazgul-1973mail. bk
Әр мұғалім - өз сабағының көшбасшысы.
"Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары.
Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. "
Н. Ә. Назарбаев.
Әр мұғалім - өз сабағының көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүремін десе де өз еркі. Көшті дұрыс бағыттай білу оның шеберлігіне байланысты.
Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы жетекші елдердің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау - басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.
Сапалы білім-ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасына отырған бүлдіршіндер - ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету-мұғалімнің басты міндеті болып отыр.
Маған балалармен жұмыс жасаған өте қатты ұнайды. Содан болар, осы ұстаздық жолды таңдағаным. Өзге салада өзімді тіптен елестете алмаймын. Өз білімімді жетілдіру, заман өзгерісіне сай мұғалім болуға ұмтылу, жаңашылдықпен жұмыс істеу үшін осы курс барысында көп мәлімет алып, өзгеріске бет бұруға қадам бастым. Бағдарламаның менің кәсіби дамуыма қосқан үлесі зор болды.
Бағдарламаның бір ерекшелігі оқушыларды топтап оқыту болып отыр. Осы топтық жұмыс барысында оқуш
Страницы: 1 | 2 > >>