ылар арасында бір-біріне деген ерекше құрмет, сыйластық, тыңдай білу мәдениеті, өзгенің пікірімен санасу, қоян-қолтық қарым-қатынаста болып, әрбір тапсырманы жаңашылдықпен орындап, әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талпынады. Өз пікірлерін ашық түрде айта біледі, бірлесе әрекет жасап, диалог құрады.
Бұл жаңа тәсілдер арқылы оқытуда білім дайын күйінде берілмейді, ол тек белсенді әрекеттер арқылы ғана игеріледі, оқушылар бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқарады, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп жан-жақты білім алуына көмектесемін. Бұндай жаңа үлгідегі сабақтардың оқушылар біліміне тигізер әсерінің мол екендігіне көзім жетті.
Бағдарлама модульдерінің әрқайсысына мән бере отырып, ақпараттық коммуникациялық құралдарды қолданып, оқушылардың әрқайсысын білім алудың түрлі әдіс-тәсілін меңгеруге ұмтылдыратын, жеке оқушылардың білімін жүйелі бағалау дұрыс жолға қойылған, бала бойындағы дарын мен талантты дөп басатын тапсырмалар ұйымдастырылған, берілген білім өмірде қолданыс таба алатындай сабақтар беру менің алдағы уақытқа қойған арман-мақсатым, жоспарым. "Бәрін білдім, болдым", - деген күні адам өмір сүруін тоқтататыны хақ. Сол себепті де біз, ұстаздар, өмір бойы зерттеу, жоспарлау үстінде болатынымыз анық.
Страницы: << < 1 | 2