Сабақтың тақырыбы: Сүйікті мұғалім
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: «Мұғалім» тақырыбына байланысты сөздермен танысу. Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрауды үйрету. Ұстаздың әрі маман, әрі оқушыға дос, жанашыр, ақылшы екендігі туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: Сызбалармен жұмыс арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру. Ана тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру
3. Тәрбиелік: Мұғалімді құрметтеуге, сыйлауға, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс тәсілі: ой қозғау, топтастыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар, кітап.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгелдеу.
3. «Жүректен жүрекке» тілектер айтады.
ІІ. Үй жұмысын сұрау, тексеру.
«Ұшақ» әдісімен үй жұмысын тексеру. 5мин
Мектеп қай көшеде орналасқан?
Мектеп Леонидовка селосының «Школьная көшесінде » орналасқан.
Мектепте нелер бар?
Мектепте: асхана, шеберхана, акт залы, спортзал, кітапхана және пән кабинеттері бар.
Мектепте қандай пән кабинеттері бар?
Мектепте: қазақ тілі кабинеті, ағылшын тілі кабинеті, информатика кабинеті, мультимедиалы кабинет, биология кабинеті, физика, математика, өзін -өзі тану, тарих кабинеттері бар.
Омоним дегеніміз не?
Омоним- жазылуы бірдей, бірақ мағынасы басқа сөздер. Мысалы: ат-конь, ат-имя, жаз-лето, жаз- пиши
Синоним дегеніміз не?
Синоним –мағыналары бірдей сөздер. Мысалы: оқушы, шәкірт-ученик,
ақпарат, мәлімет, мағлұмат-информация
Антоним дегеніміз не?
Антоним- мағыналары қарама – қарсы сөздер. Мысалы: ақ-қара, үлкен-кіші, аласа- биік
Қазақ тілі кабинеті нешінші қабатта?
Қазақ тілі кабинеті бірінші және екінші қабатта. <
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>