ердің талабына қарсылық білдіріп, ондай ұсыныстарын орындамай қырсығуы оның өзіндік ойы мен тілегін іске асыруға ұмтылуын көрсетеді. Мұндай қылық бала әрекетіндегі өзіңдік санасындағы өзғерісті, оның сапа жағынан жаңа сатыға көтерілгенін көрсетеді. Дағдарыстың көрінісі баланың сіне, осындай қылықтарынан айқын байқалады. Егер баладан басқа бір нәрсені істеуді өтініп сұраса, оңца ол бұл жағдай өзінін көніліне қонымды болғандықтан қарсылықсыз орындайды.
Біз клиникада өзіміз байқаған мынадай мінез-құлықты мысал етіп келтірейін. Үш жастағы дағдарыс кезеңі созылып кеткен 4 жасар қыз бала өзін балалар мәселесін талқылайтыи конференцияға ертіп баруды өтінеді. Қыз оған баруға жинала бастайды. Мен қызды жүре ғой деп шақырдым. Бірақ оны мен шақырғандықтан, ол тіпті барғысы келмей калды. Ол барынша қарсыласып бақты. "Оңда бері келе ғой", -- деп едім, оған да келмеді. Оны өзімен өзін қалдырғанда, ол жылай бастады. Оны ертпегеніме өкпеледі. Бұл орайда оның қасарысып айтқанға көнбеуінен ызаланып булығып ренжу пайда болды. Ол өзінің барғысы келгенімен, оған жүр деп айтқан сөз ұнамай, қарсылық білдірді.
Баланың бойын ашу-ыза кернегенде әмірлі дауыспен айтқан сөз де оған әсер етпейтінін байқатты. Бірсыпыра авторлар мұндай жайттарды көркемдеп жазды. Мысалы, ересек адам сәбиге келіп әмірлі үнмен: "Мына көйлектің түсі қара" десе, ол қарсылық көрсетіп, "бұл. көйлектің түсі ақ" дейді. Қасарысу оған айтылған сөздердің мәніне қарамастан керісінше істеуге кесірлену дағдарыстың нақтылы көрінісі.
Жағымсыз әрекетгің тіл алмаудан екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншіден, бұл жерде өзге адамдармен әлеуметтік қатынас жасау манызды орын алады. Бұл ретте балара айтқанды істеп, оны ықтыру орындалатын әрекет маңызына емес, өзге адамдармен қатынас жасау ниеттілігі
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>