«Балбөбек» ясли-бақшасы,
Қасқабұлақ ауылы, Абай ауданы,
Шығыс Қазақстан облысы
«Психолог – келешектің мамандығы»
Эссе
Психолог: Жунисова Асел
Психолог – келешектің мамандығы
Психолог – дос, ол шәкірттеріне тек жақсылық ойлап, қиындыққа қымсынбай көмек көрсетеді, жанын сала жақсылық жасайды.
С. Асанова
Осы сөз төркінінен психологтың кім екенін, қандай қасиеттері бойынан табыла алатын мамандық иесіне анықтама алуға болады.
Психолог қандай адам?
Ол әрқашан да дұрыс жолмен жүретін, әдемі сөйлей білетін, сүйкімді жымиып күле білетін, бір сөзбен айтқанда «өте керемет» тұлға. Ол әріптестер арасында жіптей қарым-қатынасты жалғай алатын, оны үзе де алатын адам. Ал ол нәрсені жасай алу әр адамның қолынан келе бермейтіні анық.
Психолог – маман кез-келген баланың эмоциялық жайы мен ерік-жігерінің нығаюына дамыту мен түзету жұмыстары маңызды ықпал ететінін әрі осы жұмыстар дұрыс бағытта жүргізілсе ғана, ешқандай мәселе туындамайды. Білім беру үрдісінің барлық қатысушыларына да психолог маманның беретін кеңесі маңызды болып саналады.
Қазіргі заманда барлық салаларда психолог қызметкерлердің алатын орны ерекше. Отбасында және т. б. туындаған мәселелер бойынша психологтың берген кеңесі сол жағдаяттан шығуға, ата-аналардың нақты бір шешім қабылдауына да себепші болатын маман – психолог. Бүгінгі өмірлік мәселелер балалардың, тіпті, кез-келген адамның психолог маманға барып кеңес алуын, психологиялық жағынан сауықтандыратын тренингтерге қатысуын талап етуде. Қазіргі кезде психолог мамандарға барлық салада сұраныс артып келеді. Педагогтар арасында да түрлі тренингтер жүргізіп, сауалнамаларға жауаптар алып, отыратын осы психологтар. Мекеме жанашыры, әрі сырлас досы бола білетін мамандарда – психологтар.
,
.
:
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>