/>L
l
ª
,
.
қиын жағдайларда ізденіс пен таңдау жасауына бастамашылдық танытуын талап етеді. Кәсіби, құзіретті психолог маман баланың зияткерлік және өзге де қабілеттерін ашады, дарындыларға қолдау көрсетеді. Педагог мамандармен бірлесе отыра тәрбиелеу мен білім беруде қиындық тудыратын топтардың, қиын отбасылардан шыққан балалардың басындағы мәселелерді шешуге көмектесе отырып, отбасы мен балабақша мектеп арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсартады. Баланың психологиялық ерекшеліктерін білмейінше, оларды оқытып тәрбиелеуге болмайды. Бала мен бала, бала мен ата-ана, тәрбиеші мен бала арасында қарама-қарсы кездесетін жағдайлар болып тұрады. Педагогикалық үрдіс кезінде туындайтын қиындықтар мен олардың психологиялық себептерін анықтау, оңтайлы қарым-қатынас ұстанымдарын қалыптастыру, психологиялық көмек көрсету, тәрбие үрдісін дұрыс жолға қою – психолог қызметінің басым міндеттері. Барлық салада психолог қызметі ауадай қажет-ақ. Психолог бірінші кезекте мықты кеңесші, зерттеуші және түзетуші. Психолог – өз ісін жетік білетін, саналы кеңес беретін жаңашыл маман болуы керек. Психолог - әр адамның жан дүниесін ұғынуға, жәрдем беруге ұмтылады. Бір сөзбен айтқанда жан дүниедегі кеселді жайлап жылы сөзбен жайлап емдеуші адам. Психолог маман – отбасында ана, өз ісіне жауапты тұлға. Жақсы психолог көңілге демеу, жанға қуат береді.
Психолог мамандығы келешекке қажетті мамандықтардың бірегейі болып қала бермек! Мемлекетімізге де жағымды ахуал қалыптастыруға да осы мамандық иелерінің көтерер жүгі – ауыр. Келешекке кемел біліммен демекші, өркениетті елдің білікті мамандары тәуелсіз мемлекетімізде көбейе береі анық. Адамдары да болашаққа сеніммен қарап, көк туымызды мәңгілік желбірететініне күмәніміз жоқ. Мәңгілік елдің дамуына да психологтардың қосатын үлес
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>