жатқызған. Алайда сол кездің өзінде микроорга - низмдер туралы мәліметтер жинакталып, соның негізінде микробио - логия ғылымы қалыптаса бастаған еді. Микробиология ғылымының одан әрі дамуы орыс табиғат зерттеушісі М. М. Тереховскийдің жүргізген тәжірибелеріне негізделген. Ол адамның микроорганизмдерді күнделікті тұрмыста пайдалану мүмкіндігін дәлелдеді. Осындай деректі материалдардың негізінде 1775 жылы М. М. Тереховский Страсбург университетінде микроорганизмдер туралы еңбегін қорғады
XIX ғасырдың екінші жартысында ғылым мен техниканың каркындап дамуына байланысты микробиология ғылымы біраз табыстарга кол жеткізді. Әсіресе француз ғалымы Л. Пастердің зерттеулері бойынша, ашу процестері микроорганизмдердің іс-өрекеттеріне тікелей байланысты екендігі дәлелденді.
Осыдан кейін сүт қышқылды ашу, спиртті ашу процестерін жүзеге асыратын бактерияларды тауып, оларды жеке бөліп алып өсіру кеңінен етек алды.
Л. Пастер ашу процестеріне оттектің міндетті түрде катысатынын, оттексіз ашу процесі жүрмейтінін дәлелдеді
Луи Пастер (1822-1895)
Микробиологияны дербес рылым ретінде дамытуға негіз салған француз ғалымы. 1862 жылдан бастап Париж ғылым академиясының мүшесі, Нобель сыйлығының лауреаты
1861 жылы ол ашудың басқа түрі -- май қышқылды ашу процесін тапты және мұндай ашудың оттексіз жүретіндігін анықтады. Сонымен Л. Пастер микроорганизмдердің екі тобын, яғни аэробты (оттекті ортада) және анаэробты (оттексіз ортада ) топтарын ашты. Л. Пастер еңбегінің нәтижесі азық-түлікті сақтау, түрлі ашу процестерінің технологиясын жақсарту, медицинада ортаны залалсыздандыру жөне т. б. мақсаттар үшін пайдаланылады. Сонымен қатар ол жұқпалы аурулардың қоздырғыштары микроорганизмдер екенін анықтап, олармен күресудің жолдарын көрсетті. Топалаң және құтыру ауруларына қарсы ва
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>