іре отырып,өздерінің сыныптастарының портретін бейнелеуді тапсырамын).
Портрет салу реті :
1 - бет кескінін доғалдау етіп салу.
2 - сосын бас пішінін көмекші сызықтармен көлденеңінен өзара шамалас үш бөлікке бөлеміз.
3 - доғалдау етіп сызылған бас пішінінің жоғарғы бөлігі - мандай, ортаңғы бөлігінде мұрын мен көз,құлақ, төменгі жағына ауыз бен иек түсіріледі.
4 - шашты салу кезінде шаш қою үлгісінің де өзіндік көлемі мен пішіні болатыны ескерілу керек.
5 - мойын мен иықты бейнелеуді аяқтап, киімін саламыз.
- портрет бояуын түсіреміз . (жайлы музыкалық әуен ойналып тұрады)
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз,
Құстар болып ұшамыз,
Балық болып жүземіз,
Бақа болып секіріп,
Көбелектей қонамыз,
Орнымызға отырамыз!
Көрмеге салған суреттерін ілгізу.
2 топпен жарыс: Дидактикалық ойын: "Портретті тездетіп аяқта!"Алдарына таратылған қағаз беттеріндегі адам басы бейнесіндегі смайликтерге фломастермен адамның бет - пішінін жылдамадатып салып шығу.
Сөзжұмбақ "Жанр"
1. Табиғат бейнеленетін жанр түрі
2. Жануарлар бейнеленетін жанр түрі
3. Қозғалмайтын әр түрлі заттар, жемістер, т. б. бейнеленетін жанр түрі
4. Адам келбеті бейнеленетін жанр түрі
1. Сонымен бүгінгі өткен тақырып бойынша "портрет" дегеніміз не екен?
2. Портреттің қандай түрлерімен таныстыңдар?
Алдарыңда жатқан смайликтермен бүгінгі сабақтың тақырыбы бойынша қаншалықты түсінікті болды, қаншалықты деңгейде үйрендіңдер тақтаға әкеп белгілеулеріңді сұраймын.
Үйге берілетін тапсырма әр оқушы өзінің автопортретін салып келуі керек.
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңыздар. Көп - көп рахмет! (сабаққа қатысып, ж
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>