Сергіту сәті:
Сабақты бекіту:
Сабақты қорыту:
Үй тапсырмасы:
Бағалау.
-Ал адамның келбеті бейнеленген суретті көрсеңдер ол шығарманы-портрет деп атаймыз.
Міне біз осылай алдыңғы тақырыптарды қайталай отырып, бүгінгі өтетеін сабағымыздың тақырыбын таптық.
Яғни, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: "Портрет" деп аталады.
Жалпы портрет туралы мен сендерге түсінік бере кетейін.
"Портрет дегеніміз- адамның келбетін бейнеленген шығарма.
Портреттің негізгі міндеті -- адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсету.
Қазақтың алғаш әйгілі суретшісі Әбілхан Қастеев, Айша Ғалымбаева, жергілікті Семейлік суретшілер Нұрбұлан Өтепбаев, Аманбек Бейсембаев, Талғат Татиев сияқты т. б суретшілеріміз портреттің бірнеше түрлерін бейнелеген. Ол шығармаларды қаламыздағы Невзоровтар музейінен көріп,тамашалауға болады.
Қазір портрет түрлерімен танысайық:
Жалпы портреттің түрлері өте көп, сендерге түсініктілерін айтып өтеміз. (Слайдтан көрсетіледі)
1. Топтық портрет. Оның өзінің атында тұрғандай суретте адамдар топпен тұрады. Екі адамнан асқан , одан да көп адамдар бейнеленсе бұл портреттің түрін топтық портрет деп атайды.
2. Жұптық портрет. Бұнда да өз атында тұғандай жұптасқан адамдар бейнеленсе, яғни екі адам бейнеленсе бұл портреттің түрін жұптық портрет деп атаймыз.
3. Автопортрет дегеніміз суретшінің өзін-өзі бейнелеуі.
4. Салтанатты портрет дегеніміз- суретшінің алдына мына адам арнайы сәнді киімдерімен келген сияқты иә
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>