br/>
Оқушының қызметінің нәтижелілігі
4 топ.
Оқушыларды ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу. Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ екенін, сабағымызға мектебіміздің ұстаздары келіп қатысып отырғандарын айтып, ұстаздармен де амандасуды сұраймын.
- Сәлеметсіңдер ме?
Бүгінгі көңіл- күйлерің қалай?
- Менде де тамаша!
-Бізде қазір қай сабақ? Бейнелеу өнері сабағында не істейміз?
Әрине, сурет саламыз, сурет салғанды жақсы көресіңдер ме? Ендеше, менімен бірге тағы бір бейнелеу өнерінің жанры туралы үйренуге шақырамын!
Үй тапсырмасын тексеру. Өткенді еске түсіру, пысықтау
Бейнелеу өнерінің жанрларын атап беріңдерші:
Қандай түрлерін білесіңдер, осы бейнелеу жанрларына байланысты қандай суреттер салдық, естеріңде ме?
1. Натюрморт - "Жемістер", "Ыдыстар"
2. Пейзаж- "Қысқы қала", "Күзгі ағаштар", "Қар жауып тұр"
3. Анималистік жанр- "Аквариумдағы балықтар", "Маймақ аю"
Оқушылардың назарын теледидардағы слайдқа аударамын:
1. Натюрморт дегеніміз- бір немесе бірнеше жансыз заттардан құралған шығарма.
2. Пейзаж дегеніміз- табиғат бейнеленген шығарма.
3. Жан-жануарлар, хайуанаттар, су асты тіршілік иелері және құстар бейнеленген сурет көрсең, ол анималистік жанр деп аталады.
Жаңа сабақ
Шығармашылық жұмыс
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>