Жакупова Гулмира Амантаевна
ШҚО ББ "Қосалқы мектеп - интернат" КММ
Семей қаласы
Дефектолог мұғалімі
6 сынып. Бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы: "Портрет"
Сабақтың мақсаты:
6. 1. 1. 3 бірнеше әйгілі портретші-суретшілер мен мүсіншілерді білу
6. 1. 3. 1 көрген туындысының мазмұнын сипаттай білу
6. 1. 3. 2 суретшінің негізгі ойын анықтау
6. 1. 3. 3 көрмеге дайындалған туындылардың жанрын анықтай білу
6. 1. 3. 4 өнер туындысы немесе халықтық шығармашылықтан алғар эмоционалдық толғанысын сипаттай білу
6. 2. 4. 8 акварель және гуашь бояларымен жұмыс жасау
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Бейнелеу өнерінің негізгі жанрларының бірі - портрет туралы толық мәлімет бере отырып, оқушыларды сурет өнеріне қызықтыру, оларды әдемілікке, сұлулыққа баулу.
Түзету-дамытушылық: Портрет түрлерін ажырата білуге, суретшінің айтайын деген ойын, көз қарасын түсіне білу дағдыларын дамыту. графикалық біліктер мен дағдыларды дамыту. Есте сақтауын, өлшеу, салыстыру қабілеттерін дамыту. Өнер туындысынан алған сезімдерін,эмоциялық толғаныстарын ойлау, тіл дамытумен байланыстырып, түзете дамыту.
Тәрбиелілік: Өнерді қастерлеуге, эстетикалық тәрбие беруге, ұқыптылыққа, сұлулықты түсіне, сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу,сұрақ - жауап, портретті бейнелеу.
Көрнекілік: Оқулықтағы иллюстрациялар, белгілі суретшілер жұмыстарынан әр түрлі портреттердің репродукциялары, слайдтар.
Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар:
Оқушылар үшін: таратпа материалдар, сурет дәптер беттері, бояу, қылқалам, су құйғыш, майлық
Мұғалім үшін: Иллюстрациялар,үлгілер.
Техникалық құралдар: ноутбук, теледидар
Сабақтың кезеңдері
Мұғалім мен оқушының бірлесе орындайтын қызметінің мазмұны<
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>