Үйірме сабағында ұлттық мазмұнды есептер шығару.
(сыныптан тыс)
Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, пәнге қызығушылығын артырудың негізгі бір жолы - математика сабағында ұлттық мазмұнды есептерді шығару.
Ұлттық мазмұнды есептерді шығаруды мұғалім оқушының ойлау іс - әрекетін жандандыруға арналған әдістемелік тәсіл ретінде қолданылады. Жаңа тақырыпты түсініру, бекіту, қайалау, есте сақтау жаттығуларын орындау барысында ұлттық мазмұнды есептер желісі өтілген тақырыпқа және оқушының жас ерекшелігіне сәйкес сұрыпталуы қажет.
Сабақтың тақырыбына, мақсатына, түріне байланысты жүйелі түрде ұлттық мазмұнды есептерді енгізу ата - бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, өткен күн мен бүгінгі өмірді байланыстырып, салыстыратын асыл қазынамыз. Ендеше ұлттық мазмұнды есептерді шығару оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, логикасын жетілдіріп, тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеп, халқының өткен өміріне көз жібертеді.
Ұлттық мазмұнды есептер шығаруды теңдеу құру арқылы шығарылатын есептер оқушыларды алғырлыққа, ой ұшқырлыққа тәрбиелейді.
Теңдеу берілген есептер шығару үшін:
1. Есептің мәтінін таңдау
2. Белгісіз шамаларды анықтау
3. Теңдеу құру
4. Теңдеу шешу
5. Теңдеудің шешімдерін зерттеу
6. Есепті тексеру
7. Есептің толық жауабын жазу, шарттарын орындау қажет.
Мысалы: Теңдеулер жүйесін құру тақырыбына: "Қаз бен түлкі" ертегісін айта отырып, мына теңдеуді шештіреміз:
"Түлкісің аярлыққа бермейтін дес,
Көрейін сенде қанша ақыл мен ес.
Балапан, көжек санын өзің тапшы
Аяқтары 94, басы 35".
1. Есептің мәтінін түсіну. Түлкінің айлакерлігі, қаздың ақылдылығы, балапанда екі аяқ, көжекте
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>