Плоские фигуры

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Пән:Математика Мектеп: Лебяжі жалпы орта білім беру
мектебі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
1В бөлім: геометриялық
фигуралар
Тақырып: Жазық фигуралар
Тоқсан:1 Мұғалімнің аты-жөні: Бекужа Айгерим
Ахметоллаевна
Сынып:1 Қатысқандар:
Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:
Жазық фигуралар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)
1. 3. 1. 2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) ажырата алады;
Көптеген оқушылар: жазық фигуралар (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) ажырата алады;
Кейбір оқушылар: Жазық және кеңістік фигураларды салыстыра алады, шағын тәжірибелік жұмыс негізінде қорытынды жасай алады, оларды қоршаған ортадағы заттармен салыстыра алады;
Бағалау критерийлері:
- Жазық фигураларды бір-бірінен ажыратады;
- Жазық және кеңістік фигураларды ажыратады, айырмашылығын анықтайды;
- Жазық және кеңістік фигураларды ажыратады, айырмашылығын айтады, тәжірибе жұмысын жүргізеді, соның негізінде қорытынды жасайды.
Тілдік мақсаттар:

Үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед.
Үшбұрыш - треугольник- triangle, дөңгелек - круг - circle, шаршы - квадрат - square, тіктөртбұрыш - прямоугольник - rectangle.
Құндылықтарды дарыту:
Оқушыларда бір-біріне деген құрмет көрсету қаситеін тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар:
Тірек сөздерді қолдану

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: