r/>
АКТ
Топқа бөлу. Шеңбер бойымен тұрған оқушыларға парақшаларды таратып береді. Топқа бөліну тәсілін анықтауды оқушыларға тапсырады. Оқушылардың шағын топтарға бөлінуін бақылайды, қажет болған жағдайда бағыт-бағдар береді.
Топтағы ролдерді, міндеттерді бөлуді ескертеді.
"Жуан, жіңішке сұрақтар" стратегиясы.
Өткен сабақта қандай тақырыпты қарастырып едік. Кәне кім есіме салады екен?
Тікбұрышты праллелепипед дегеніміз не?
Тік призма деп қандай фигураны атаймыз?
Тік призманың элементтерін атаңдар.
Куб деп нені айтады?
Кубтың толық бетінің ауданын қалай табуға болады?
Жұптық жұмыс
Мұғалім оқушыларға үйге берілген есептерді жұпта тексеруді тапсырады. Жіберілген қателіктерді түзету жолдарын бірлесіп қарастыруды тапсырады.
"Миға шабуыл" стратегиясы.
Мұғалім:
Балалар бәрің экранға назар аударыңдаршы.
Ненің суретін көріп тұрсыңдар?
Сурет жайлы не айтуға болады?
Мұндай суреттерді бұрынырақ көрген ба едіңдер?
Бұл суреттер бойынша сендерде қандай ассоциация пайда болды?
Қай мемлекет?
Египетте қандай кереметтер бар?
Ол керемет біздің геометрия пәнімен байланысты ма?
Олай болса біздің сабағымыз не жайында болмақ?
Пирамида жайлы не білгілерің келеді?
Осы сұрақтар төңірегінде оқушылардың жауаптарын тұжырымдай келе сабақтың тақырыбын нақтылап, мақсатын тұжырымдатады.
2
3
3
2
Оқушылар таратпадағы формулаларға қарай топқа бөлінеді: аудан, көлем, периметр.
Оқушылар топтағы рөлдерді өзара бөліседі.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>