Күні: 22. 12. 2015
Сыныбы:4
Пәні: Математика
Пән мұғалімі: Жолдасова Дина
Сабақтың тақырыбы: Перпендикуляр және параллель түзулер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға перпендикуляр және параллель түзулер жайлы түсінік беру.
Күтілетін нәтижесі: Параллель және перпендикуляр түзулердің анықтамасын біледі, ажыратады, сыза алады.
Негізгі сөздер мен сөз тіркестері: кесінді, сәуле, түзу, тиісті және тиісті емес нүктелер, перпендикуляр түзулер, параллель түзулер, тік бұрыш, доғал бұрыш, сүйір бұрыш.
Сабақтың формасы: ұжымдық, топтық, жұптық, жеке Қолданылатын әдіс-тәсілдер: "Графикалық диктант", "Тақырыптың түйісуі", постер қорғау, "Кел, сызайық!", "Бес саусақ"
Құрал-жабдықтар, көрнекілік: кеспе материалдар, стикерлер, маркер, плакат
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушынның іс-әрекеті
Мақсаты
Кіріспе
(3-5 мин)
Білу, түсіну деңгей
Психологиялық дайындық.
Оқушылармен амандасу
Сынып оқушыларына
жағымды ахуал туғызу .
Оқушылар амандасып, көңіл - күйлерін білдіреді.
Оқушылардың сабаққа дайындығын білу.
Мұғалім оқушыларды сәуле және кесінділер арқылы топтарға бөледі.
Әр оқушы таратпаларды алу арқылы 2 - топқа бөлінеді.
1-топ. Кесінділер тобы
2-топ. Сәулелер тобы.
Оқушыларды топ-тарға бөле отырып, жаңа тақырыпқа бағыт жасау
Тұсау кесер
(5-10мин)
Жеке тапсырма.
Графикалық диктант.
-Дәптерлеріңе кез келген кесінді сыз. Оның ұштарын А және В әріптерімен белгіле. Белгіленуі бойынша кесіндіні оқы. Кесінді-нің бойынан Е нүктесін және одан тысқары С нүктесін белгіле.
-Дәптерлеріңе қандай да бір сәу-ле сыз. Оның басын О әр
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>