Пенитенциарлық жүйедегі кешкі мектептерде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану мүмкіндіктері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Кіріспе
Қоғамды ақпараттандыру, есептеу техникасының құралдары мен ақпараттық технологияларды адам өмірі мен қызметінің барлық салаларына кең түрде енгізуді алға қояды. Ол қоғамның барлық құрылымдарын өзгертеді және білім беру жүйесіне үлкен ықпал етеді.
Оқу үрдісіне компьютерлік технологияларды қолдану проблемасының көпжақты мәселе екені белгілі. Сондықтан педагогикалық әдебиеттерде келесі бағыттар қарастырылады: біріншісі - информатика курсындағы компьютерлік технологиялардың әдістері мен құралдарын оқып үйрену, екіншісі - компьютерлерді әр түрлі пәндерді оқыту үрдісінде қолдану.
Екінші бағыт аясындағы компьютерлерді оқушыларды әр қилы оқыту, тәрбиелеу және дамыту мәселелеріне қолдану қазақстандық (Б. Баймұханов, Г. Қ. Нұрғалиева, Е. Ы. Бидайбеков, Ж. А. Қараев, Е. Ө. Медеуов, С. Е. Чакликова,
Д. М. Джусубалиева, А. К. Қозыбай және т. б. ) авторлардың көптеген зерттеулерінде негізделген.
Қазіргі кезде компьютерлік оқыту құралдарын мектеп оқушыларын пәндерді оқытуға тиімді түрде қолданудың әдістемесі мен мүмкіндіктерін ашып көрсетуге арналған бірқатар зерттеу жұмыстары орындалуда.
Республикамыздың кейбір жоғары оқу орындарында оқытушыны білім беруді ақпараттандыру жағдайында дайындау туралы ғылыми зерттеулер
жүргізілуде, атап айтқанда, Абай атындағы КазҰПУ-де "Информатика мен
есептеу техникасын мектепте және педагогикалық жоғары оқу орнында енгізудің негізгі бағыттарын әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету мен мазмұнын жасау" атты тақырыпта, ал І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-да "Компьютерлік техниканы оқыту үрдісінде пайдаланудың дидактикалық негіздері" деген тақырыпта ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл зерттеулер компьютерлік технологияны қолданып оқытудың
көрнекілігін арттыруға, оқу әрекеттерін да

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: