Патшалық Ресейдің әкімшілік-әскери отарлау саясаты

Страницы: <<  <  25 | 26 | 27 | 28 | 29  >  >>

йлар қозғалысын қолдау үшін бар 6 мыңдық жасақпен қимыл жасауды ұйғарды. Бірақ шектес аудандарда Хиуаның әскери қыр көрсетуі нақты нәтижелер бермеді, дегенмен аймақтағы жағдайды едәуір шиеленістірді. 10
Маңғыстау аймағы 3 айға жуық патша әскерінің қол астына қарады. Патша үкіметі көтерілісшілерді жаппай жазалайды. Осы тұста генерал-губернатор Н. А. Крыжановский әскери министр Милютиннің "көтерілісшілерді жазалау" туралы нұсқауын жібереді. 1870 жылы желтоқсанда көтеріліс жеңіліс тапқан соң, көтеріліс басшылары И. Тіленбаев, Д. Тәжиев, Е. Құлов және олардың серіктері 3 мың шаңырақпен Хиуа хандығының шегіне өтіп кетеді. 8

Сөйтіп, бұқаралық сипатына қарамастан, көтерілістің негізгі қозғаушы күші - қазақ шаруалары өз қатарларын берік біріктіруге қол жеткізе алмай, Маңғыстау облысындағы халықтық-азаттық күрес жеңіліске ұшырады. Көтеріліс аяусыз жанышталып, адайларға соғыс шығыны ретінде 90 мың қой салық салынды. Маңғыстау көтерілісі өз кезегінде патша үкіметінің отарлау саясатына қазақ халқының қарсылығының айқын көрінісі болды.
Жалпы XІX ғасырдың екінші жартысындағы реформалардың болмысы туралы, қорыта айтқанда, мынандай түйін жасауға болады. Патша үкіметі Қазақстанға енгізген әкімшілік реформалары негізінде оның саяси дербестігін толығымен жойып, қазақ жерінде империя құрамындағы әкімшілік басқару жүйесін орнатты.




Қорытынды
Қазақстаннын Ресейге қосылу тарихын, Ресейдің отарлық саясатын кейінірек болса да Ресей қол астына кірген Орта Азия тарихынан бөлек қарастыруға болмайды. Қазақстан мен Орта Азия халықтары (қазақтар, өзбектер, қырғыздар, түрікмендер, қарақалпақтар мен тәжіктер) тарихы тарихнамасының мәселелері аса тығыз байланыстылығы соншалық, олардың бірінен бірін бөлек қарастыру әдіснамалық тұрғыдан да,

Страницы: <<  <  25 | 26 | 27 | 28 | 29  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: