Ойындары бар сандық

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

жұмыс істей білу, досына қол ұшын созу, достарын бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар / Используемый материал: АКТ, Дьенеш блоктары, үлестірмелі материал, көңілді және көңілсіз смайликтер.
Тілдің үштұғырлығы / Полилингвальный компонент: Дүйсенбі-понедельник- monday; сейсенбі-вторник-tuesday ; сәрсенбі-среда- wednesday; бейсенбі-четверг-thursday; жұма-пятница-friday; сенбі-суббот-saturday; жексенбі-воскресенье-sunday. 1-10-ға дейін үш тілде санау.

ҰОҚ барысы:
Амандасады, Шаттық шеңбер бір-біріне жақсы тілектер айтады.
I. Кіріспе бөлім:
Балалар бүгін бізде ерекше күн болмақ, себебі біздің топта қонақтар отыр қане үш тілде амандасайық.
Ойға шабуыл:
oo Балалар, бір жылда неше ай бар? (Он екі ай бар)
oo Бір жылда неше мезгіл бар? (Төрт мезгіл бар: қыс, көктем, жаз, күз)
oo Ал, қазір қандай мезгіл? (Қыс мезгілі)
oo Қыс мезгілінде неше ай бар? (Үш ай бар, желтоқсан, қаңтар, ақпан).
oo Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтындаршы.
oo Бір аптада неше күн бар? Ал, бүгін аптаның нешінші күні? Қалай аталады?
oo Балалар сендердің үйлеріне қонақтар келгенде не істейсіндер?
Амандасамыз, дастархан жаямыз, үйде қандай бөлмелер бар екенің таныстырамыз.
Ал онда, қонақтарға дастархан жаяйық.
1-Тапсырма.
Мақсаты: Кеңістікті бағдарлау дағдыларын бекіту.
Кеңістікті бағдарлау. Тақтада тура ортасында үстел тұрады, беспармағы бар табақты үстелдің тура ортасына қой, бауырсақты табақтың жоғарғы жағына апар, майды табақтың төменгі жағына қой, құртты табақтың оң жағына апар, ірімшікті табақтың сол жағына апарып қой. қазыны үстелдің жоғарғы оң жақ бұрышына қой, қымызды жоғарғы сол жақ бұрышына қой, жемістерді төменгі оң жақ бұрышына қой, сүтті төменгі сол жақ бұрышына қой.
oo Жарайсыңдар бал

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: