практика жеткілікті емес, шектеулі.
Осы жағдайды есепке ала отырып, әдіскерлік құрал жасалған. Құралға ойындар жинағы енгізілген, оның мақсаты: балалардың мемлкеттік тілде үлкендермен және құрдастарымен тілдік практикада сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Құрал 5-6 жастағы балалармен жұмыс істеуге арналған, жұмыс барысында тәрбиеші келесі міндеттерді шешуге тиіс:
- балалардың жасына сәйкес сөздік қорын бекіту;
- қойылған сұрақты тыңдап, мағынасын түсініп және жауап беруді қалыптастыру; балалардың диалог құрастыруын жетілдіру;
- мемлекеттік тілді оқуға қызығушылық тәрбиелеу; мектепке дейінгілердің тілдік және мәдениеттік қоғамдастыққа қатыстылығын сезіну;
- балалардың креативтік қабілеттерін өзіндік ойлауын, логикасын, елесін, ойсанасын, тәртіптілігін, артистік қабілеттерін дамыту.
Жоғарыда көрсетілген міндеттер балалардың диалог арқылы, педагогтармен, өз қатарларымен дидактикалық ойындар жүргізу барысында шешіледі. Балалардың қарым-қатынасы ойында тез бекітіледі.
Ойын барысында балалар жаңа жағдайда білетін тілдік білімдерін қолданады. Заттарды атағанда, оларды сипаттағанда қазақ тілінде сөйлеулері арта түседі.
Қазақтың байланысты тілін қалыптастыруда көлемі аз тақпақтарды, жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, санамақтарды жаттаған көп әсер етеді. Ойыншықтар және суреттерді, қоршаған орта заттарын, көрнекі құралдарды, жаттығуларды қолданғанда өткен тақырыптарды бірнеше рет оңай қайталауға көмектеседі.
Өткізілген жұмыстың тиімділігінің өлшемі болып балалармен қолданылған сөздер, сөйлемдер және үлкендермен қатынастағы диалогтар болып табылады.
Барлық материал 36 аптаға бөлінген, әр аптаның арнайы тақырыбы бар. Апта тақырыбы қазақ тілі мұғалімінің ұйымдастырылған оқу жұмысының жоспарына бағынады. Апта бойында педагог балалармен ос
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>