Ойын – математика сабағында оқыту және тәрбиелеу әдісі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ойын - математика сабағында оқыту және тәрбиелеу әдісі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы,
Қызылжар ауылы,
Қызылжар ЖОББМ
физика және математика пәнінің мұғалімі
Тәшібаева Кәмшат Еркінжасқызы,II санат,
Кембридж бағдарламасы бойынша үшінші (негізгі) деңгей

Эпиграф:
Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты.
В. М. Сухомлинский

Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық меңергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. Адамның ойын әрекеттерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады.
Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К. А. Покровский "ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады"-деген. Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Математикалық ойын дегеніміз - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі.
Ойын - 2 немесе одан да көп адамдардан құрылатын топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу процесі. Әрбір топтың өз мақсаты, стратегиясы болады.
Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды - дидактикалық ойындар дейді.
Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі, сабаққа э

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: