Ою-өрнек жасау технологиясы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: "Құс қанаты" элементінен ою-өрнек жасау.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлттық ою-өрнектерін үйрету үстінде шәкірттердің эстетикалық талғамдары мен өнерге деген шеберлік ынта-қабілетін арттырып, дамыту.
Білімділік: Ою үлгілерін компьютерге түсіріп, сызып, бояудың әдіс-тәсілдерін меңгерту, "құс қанаты" элементінен ою-өрнекті қиып көрсету.
Дамытушылық: ойлау, қиялдау арқылы шығармашылық қабілеттерін, әсемдік сезімдерін дамыту.
Тәрбиелік: табиғат сұлулығын, байлығын бағалай отырып, оларды қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақты түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: информатика, сурет, тарих, әдебиет,сызу.
Сабақтың құрал-жабдықтары:компьютер, 60х40 см қағазға жасалған құс қанаты өрнегігің элементі, қайшы,желім,сызғыш,бояулар, қарындаш,өшіргіш,түрлі-түсті қағаз,картон,бор,мата, акварель бояу, қылқалам, су құятын ыдыс.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, қағаздан қиылған ою үлгілері, суреттер,буклеттер, тест сұрақтары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды сабаққа даярлау,түгендеу.
2. Техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
3. Сынып бөлмесінің санитарлық жағдайын жасау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақты "ыстық орындық" ойыны арқылы қайталау,бекіту.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы: "Құс қанаты" элементінен ою-өрнек жасау,яғни ою үлгілерін компьютерге түсіріп, сызып, бояудың әдіс-тәсілдерін меңгеру және оны қиып үйрену.
Ою-өрнек қазақ даласында әр түрлі үлгіде дамыған. Оның негізгі элементі мүйіз тектес болып, қазақ халқының тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу,

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: